Торайғыров университетінде болашақ түлектер және Павлодар облысындағы мансап орталықтарының өкілдерімен кездесу өтті. 

Спикер ретінде Павлодар облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы КММ субсидияланатын жұмыс орындары бөлімінің жетекшісі Әнуар Шаймерденов, Павлодар қалалық мансап орталығының бөлім басшысы Болат Файзулин, Павлодар қалалық мансап орталығының бөлім басшысы Тоғжан Ихсанғалиева, Шарбақты аудандық мансап орталығының бөлім басшысы Әсел Мүскенова және Аққулы аудандық  мансап орталығының бөлім басшысы Жансұлу Макишева қатысты.


Шара барысында мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін алу мақсатында білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған жастар тәжірибесі мәселесі көтерілді. Жастар тәжірибесіне оқуды аяқтаған соң бес жыл ішінде 35 жастан аспаған жұмыссыз азаматтар жіберіледі.

Спикерлер ұрпақтар байланысы туралы айтып берді. Бұл зейнет жасына дейінгі мамандардың орнына тәжірибемен бөлісу мақсатында құрылатын жұмыс орны. 

Ұрпақтар байланысы шарасында 35 жастан аспаған және үш жылдан кем емес уақытта оқу орнын тәмамдаған түлектер қатысады.