Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру аясында Павлодар облысының экономикалық тергеу департаментінің офицері ToU студенттері үшін ашық сабақ өткізді.


Сабақ қаржылық қауіпсіздіктің негізгі принциптеріне, цифрлық ортадағы дербес деректерді қорғауға және алаяқтық схемаларды тану әдістеріне арналды. Білім алушылардың алдында аса маңызды істер жөніндегі тергеуші А.Е. Шахманов сөз сөйледі, ол интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы егжей-тегжейлі айтып, қаржылық тәуекелдерден қорғау жөнінде ұсыныстар берді.

Бұл жоба жастардың қаржылық мәселелерге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға елеулі үлес қосады және студенттердің құқықтық және қаржылық сауаттылығының деңгейін арттыруға ықпал ете отырып, одан әрі жалғасатын болады.

#заң @afm_pavlodar тәртібі