Энергетика апталығы аясында Торайғыров университетінің профессор-оқытушылар құрамы "Павлодарэнерго" АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді. Іс-шара атом энергетикасының өзекті мәселелерін және жалпы энергетика секторын дамыту перспективаларын талқылауға бағытталды.


Бас спикерлер энергетика факультетінің деканы Олжас Талипов және электр энергетикасы кафедрасының меңгерушісі Вадим Марковский болды. Олар кәсіпорындардың алдында тұрған негізгі мәселелерді, қиындықтарды атап өтті. Атом энергетикасы және жалпы энергетика мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, "Павлодарэнерго" АҚ базасында студенттерге теориялық білімді практикамен ұштастыруға мүмкіндік беретін дуальды оқыту бағдарламасы, сондай-ақ ЖОО мен энергетикалық компания арасындағы ғылым саласындағы бірлескен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.  

Мұндай іс-шаралар инновациялық шешімдерді енгізуге және өңірдің энергетика саласын дамытуға ықпал ете отырып, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуда маңызды рөл атқарады.