Торайғыров университетінің ғалымдары ғылыми-инновациялық хакатонға қатысты, онда негізгі міндеттерді шешу және өнеркәсіпке инновацияларды енгізу үшін еліміздің ғылыми институттарының, ірі жоғары оқу орындарының және "Қазақстан алюминийі" АҚ (ERG құрамына кіреді) жетекші ғалымдары кездесті.

Хакатонның бастамашысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ERG ғылыми-зерттеу инжинирингтік орталығы болды. Кездесудің басты тақырыбы - "ҚР металлургия кәсіпорнының ғылыми-технологиялық дамуы".


 - Бүгінгі таңда біздің алдымызда іргелі зерттеулерді дамытып қана қоймай, ғылыми әзірлемелерді өндіріске белсенді енгізу міндеті тұр. Хакатон - бұл біздің ғалымдар мен өнеркәсіпшілер үшін нақты технологиялық қиындықтарды шешу үшін күш біріктірудің жақсы мүмкіндігі. Мұндай инновациялық форматтар елдегі ғылым мен технологиялық прогресті табысты коммерцияландыру үшін негіз болып табылады,- деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки.

Қазақстандағы ERG Бас директорының орынбасары Йохен Бербнер Хакатон ғылыми-технологиялық даму картасын қалыптастыруға және отандық әзірлемелер негізінде шешімдер әзірлеуге көмектесетінін атап өтті.

Ғалымдар мен өндірушілер терең жатқан Көктал бокситтерінің сипаттамаларын, оларды өндіру әдістерін, алюминий рудасындағы жоғары ылғалдылық мәселелерін, бокситтерді қайта өңдеудің инновациялық технологияларын және алюминийдің сапасын жақсарту жолдарын зерттеді. Сондай-ақ, алюминий зауыттарының жабдықтарын жаңғырту, алюминий өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу және Павлодар алюминий зауытының өнімдерінен галлий мен скандийді тиімді алу мәселелері талқыланды.

Топтарда жұмыс істей отырып, сарапшылар айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған технологиялық ұсыныстар әзірледі.