Торайғыров университетінде университет ғалымдары - энергетика саласындағы сарапшылармен кездесу өтті.

 

 

Энергетика факультетінің деканы Олжас Талипов және электр энергетикасы кафедрасының меңгерушісі Вадим Марковский атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен экологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етудегі маңызды қадам екенін атап өтті. Бұл ретте сарапшылар жаңартылатын энергия көздерін және қолданыстағы қуаттарды жаңғыртуды қоса алғанда, энергетика саласын дамытуға кешенді көзқарас қажеттігін атап өтті.