Торайғыров университетінде зияткерлік меншік құқықтары, құқықтық қорғауды қамтамасыз ету және ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін қорғау саласында "Қазақстан Республикасында зияткерлік меншікті қорғау" тақырыбында семинар өтті. 

 

Дәріскерлер ретінде Павлодар облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Әділ Төкенов және "Ертіс" инновациялық-технологиялық паркінің патент иегері, Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілі Александр Абраменко сөз сөйледі. 

Айта кету керек, семинар "ТоU-дағы тәлімгерлік" бағдарламасы аясында - "Mentor's School: ғылыми және ғылыми-әдістемелік" бағыты бойынша өтті.