Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Торайғыров университетінде "AntiParaCraft – 2023" квест-ойыны өтті, оған барлық факультеттерден 8 команда қатысты. 

 

Ойын бірнеше кезеңнен тұрды, соның ішінде үй тапсырмасы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер түсіру болды. Ойын барысында балалар KAHOOT интерактивті ойынын ойнады, "Сыбайлас жемқорлық" сөзіне синквейн жазды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларына негіздеме берді. 
Ойын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің, "Әділдік жолы" РҚБ ПОФ, университет басшылығының қолдауымен өтті.
Ойынды Торайғыров университетінің комплаенс-қызметі Жастар саясаты және әлеуметтік жұмыс департаментімен бірлесіп ұйымдастырды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест - ойын сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа әдісі ретінде жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық пен академиялық адалдық қағидаттарын тәрбиелеуге және дамытуға белсенді тартуға бағытталған, - деп атап өтті ойын ұйымдастырушылары. 
Ойын қорытындысы бойынша 1 орынды инженерия факультеті, 2 орынды Computer Science факультеті және 3 орынды ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті иеленді.