Химия және химиялық технологиялар кафедрасында Қайырбек Куниязовтың 80 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

 

 

Павлодар индустриалды институтында Қайырбек Куниязов іс жүзінде оның құрылған кезінен бастап жұмыс істей бастады. Ассистенттен бастап кафедра меңгерушісі мен декан орынбасарына дейінгі барлық жолдан өтті.
Қайырбек Куниязов кең танымал химик-ғалым Дмитрий Сокольскийдің аспиранты болды. Олар органикалық катализ саласында жұмыс істеді. 
Айта кетейік, Қайырбек Куниязов Павлодар индустриалды институтында қазақ бөлімшесінің ашылуына белсене қатысты.
Ғалым бірнеше рет облыстық атқару комитеті мен ҚазКСР Жоғары және орта арнаулы  білім министрінің алғыстарымен марапатталды.