Торайғыров университетіне жұмыс сапарымен Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсен келді. Ол "Проманалит" ЖШС алаңында ЖОО тәжірибе базасымен танысты.

Торайғыров университеті Германияның жоғары оқу орындарымен және білім беру орталықтарымен белсенді түрде бірлесіп жұмыс жасайды. Ынтымақтастық әртүрлі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: ғылыми қызмет, студенттермен алмасу және оқытушылардың тағылымдамалары. ToU-дың Германиядағы негізгі серіктесі - Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті.

 

Үш жыл бойы Торайғыров университеті мен Анхальт университеті факультеттерде дәріс оқу және студенттерге тілдік және мәдени қолдау көрсету үшін профессор-оқытушылар құрамымен өзара алмасуды жүзеге асырып келеді.

 

- Бірнеше жылдан бері ToU Германияның үздік жоғары оқу орындарының қатарына кіретін Анхальт қолданбалы ғылымдар университетімен ынтымақтасып келеді. Бір кездері біз студенттермен алмасуды және оқытушылардың тағылымдамадан өтуіне екіжақты баруды көздейтін келісімге қол қойдық. Енді біздің міндетіміз - бірден бірнеше бағыт бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасын жолға қою.

Әрине, біз халықаралық деп саналатын кез келген ЖОО-мен ынтымақтастыққа қуаныштымыз. Бүгінгі неміс дипломатиялық өкілдігінің өкілімен танысу осыған жақсы ықпал етеді деп үміттенемін, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

 

Сондай-ақ студенттер мен оқытушылар Erasmus+ және DAAD бағдарламалары бойынша өзара әрекеттесіп жұмыс жасауда.

Айта кету керек, Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің  ресми сапары кезінде Торайғыров университеті мен Анхальт  қолданбалы ғылымдар университеті машина жасау, энергетика және т.б. бағыттар бойынша қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.