Торайғыров университетінде "President cup IV" республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

 

Турнирге Қазақстанның түрлі өңірлерінен - Алматы, Қостанай, Көкшетау, Астана, Семей, Өскемен, Петропавл, Қарағанды, Арқалық т. б. 40 өңірінен 80 адам қатысты.
- Сыни тұрғыдан ойлау және өз көзқарасын қорғай білу - әркімге қажет дағдылар. Бұл кез-келген маманның түйіндемесінде үлкен жетістік болады. Жастарымыздың өзін-өзі дамытуға ұмтылатыны және қоғамдық өмірде белсенді екендігі қуантады. Мұның тағы бір дәлелі - біздің пікірсайысымыз. Егер де студенттер турнирге осы екпінмен қатысатын болса, біз оны әлі де бірнеше рет өткізетінімізге сенімдімін, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Ұйымдастырушылар "President" студенттік пікірсайыс клубы болды.
Ойында экономикалық, саяси, әлеуметтік тақырыптар бойынша пікірталастар өтті.
Альфа лигасының жеңімпаздары - Ақтөбеден келген "Сендерден оқушыларымыз жақсы ойнайды" командасы, үздік спикер - Семей қаласынан келген Аяулым Балабек, бэта лигасында Семей қаласынан келген "Мияулап қалған тянькалар" командасы жеңіске жетті. Жастар алаңында Қостанайдан келген Таргарияны командасы жеңіске жетті, Петропавлдан келген Алуа Бекбаулова үздік спикер атанды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!