Торайғыров университетінің өкілдері мен Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының кездесуі өтті. 
ToU әскери кафедрасында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шарттарының орындалуы талқыланды. ЖОО-да құтқарушылар мен басқа да шұғыл қызметтердің жұмысында пайдалы болуы мүмкін көптеген әзірлемелер бар. Сонымен қатар, университет ғалымдары ТЖД-мен бірлескен ғылыми жобаларды дайындауға әзір. 

 

Айта кету керек, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы университетте 2000 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді және осы уақыт ішінде мамандық бойынша 1000-ға жуық  маман даярланды. Жыл сайын университет студенттері мен магистранттары Төтенше жағдайлар департаментінде, сондай-ақ осы департаменттің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінде кәсіби тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие.