Торайғыров университетінің студенттері облыстық мамандандырылған балалар үйіне қаражат жинады.

 

ЖОО студенттері қайырымдылыққа қаражат жинауда бастама көтерді. Балалар үйінің басшысының келісімі бойынша қажетті гигиена құралдары, дәрі-дәрмектер, кеңсе тауарлары сатып алынды.

- Мұнда  қандай да бір себептермен ата-анасыз қалған өте кішкентай балалар  тәрбиеленеді. Мен балалар үйінің ұжымына осы еңбектері үшін алғыс айтқым келеді және балаларға зор денсаулық тілеймін. Торайғыров университетінің студенттері қайырымдылық көмек жинап, оны сәбилер мен олардың тәрбиешілеріне тапсырды. Өте сүйкімді және өз жастарына қарамастан ақылды болып өсіп келе жатқан балалармен кездесу жақсы өтті, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.