Торайғыров университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Торайғыров университетінің профессоры Шахимардан Әбіловтың шеберлік сыныбы өтті.

Дәрісті тыңдауға орындаушылық өнер кафедрасының студенттері қатысты. Кездесуде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреатының шығармашылығы талқыланып, әр түрлі техникалар туралы әңгімелесті.    

   

Айта кетейік, өткен жылы Шахимардан Әбілов Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовке арналған Қазақстан тарихындағы алғашқы монооперамен таныстырды. Ал биыл әртіс "Хәкім Абай" фильмін ұсынды.