Торайғыров университетінде ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков көшбасшылық дәріс өткізді.

 

ToU студенттері "Құқықтық ағарту және цифрландыру жағдайында құқық бұзушылықтардың алдын алу" тақырыбында дәріс тыңдады, онда кибергигиена мәселелерін көтерді, бұл интернет желісінде болу тәуекелдерін төмендететін дағды мен білімнің жиынтығы. Киберқауіпсіздік қатерлері туралы айтты: цифрлық технологияларды дамыту, қолма-қол ақшасыз транзакциялар, номофобия және дербес деректердің осалдығы.
-Шындық мынада, біз интернет арқылы алатын ақпараттың дұрыстығын ажырата білуіміз керек. Өкінішке орай, ақпараттық технологиялар дәуірінде, әсіресе жас аудитория арасында, әртүрлі алаяқтықтар мен арандатулар бар екені жоққа шығарылмайды. Сондықтан Торайғыров университетінде кибергигиена деп аталатын курсты қолдайды, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.