Торайғыров университеті Куэйд-и-Азам университетімен (QAU) өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Қол қою рәсіміне доктор, вице-канцлер Мұхаммед Әли және Басқарма төрағасы-ректор Еркін Садықов қатысты. 

 

Тараптар арасындағы ынтымақтастық студенттер мен қызметкерлермен алмасу, бірлескен зерттеу қызметі, семинарлар мен академиялық кездесулерге қатысу, академиялық ақпарат пен материалдармен алмасу, өзара қызығушылық тудыратын жарияланым қызметі сияқты іс-шаралар мен бағдарламалардың өзара іс-қимылы кезінде жүзеге асырылады. 

-Біз Пәкістанның Куэйд-и-Азам университетімен (Quaid-i-Azam Unicersity) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойдық. Исламабадта орналасқан жоғары оқу орны Азияның ТОП-100 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді және QS университеттерінің әлемдік рейтингінде 315-ші орында. Бұл біздің жаңа серіктесіміздің қуатты ғылыми және білім беру әлеуетін көрсетеді, -деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.


Сонымен қатар, рәсімге пәкістандық профессор Ахмед Интесар қатысты.