Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінде өңірдің комплаенс-офицерлеріне арналған оқыту семинары өтті, оған университетіміздің комплаенс-қызметінің басшысы Жанна Матенова қатысты.

2022 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының Тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдаманың негізгі көрсеткіштерінің бірі квазимемлекеттік сектор субъектілерінде ISO 37001:2016 парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесінің халықаралық стандартын енгізу және сертификаттау болып табылады. 

 

Торайғыров университеті осы стандартты енгізген және халықаралық сәйкестік сертификатын алған облыстағы алғашқы ұйым болып табылады.

Жанна Матенова семинарда спикер болып, университетіміздің мысалында квазимемлекеттік сектордағы комплаенс- қызметтің тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында барлық қатысушылар сертификаттар алды.