Торайғыров университетіне мерзімді қызметтегі сарбаздар оқуға түсті. 

 

 

ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева оларға арналған білім беру жеңілдіктерін атап өтті.
-Біріншіден, мерзімді әскери қызмет өткерген балалар ҰБТ-ны есептемегенде күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде еліміздің барлық жоғары оқу орындарына түсе алады. Тиісті өзгерістер Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен бекітілген қабылдаудың үлгілік ережелеріне енгізілгенін атап өтемін. Бұл ережелер Әділет министрлігінде келісілді және қазір тіркеу сатысында тұр, - деп атап өтті Айгүл Төлембаева.

Сондай-ақ, ол жауынгерлік даярлық саласында ең жоғары нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер ЖОО ұсынатын 100% жеңілдікті ескере отырып, ЖОО-да оқуға мүмкіндік алатынын атап өтті. Мерзімді әскери қызмет өткерген және жоғары нәтиже көрсеткен адамдар мерзімді әскери қызмет процесінде конкурстық іріктеу негізінде ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына емтихансыз түсе алады.