Торайғыров университетінде МВА-ның "Стратегиялық басқару және көшбасшылық" атты жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылды.  

"Ambition" компаниясының бизнес-тренері Светлана Байғалиева  МВА магистранттары үшін "Көшбасшылық және басшының жеке брендін құру" тақырыбында тренинг өткізді. 

Тренинг барысында оқушылар команданы басқарудың заманауи құралдары мен әдістерін үйренді, өздерінің көшбасшылық стилі арқылы команданы басқарудың өзекті жағдайларын шешті және одан әрі дамыту бойынша іс-қимыл жоспарын құруға және жеке "брендті" анықтауға тырысты. 
 

 

 

Айта кетейік, МВА дәрежесі тиімді басқаруға, стратегиялық мүмкіндіктерді көруге және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оқу мерзімі - 1 жыл.