Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облыстық департаментінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы бойынша семинар өтті. Республикалық деңгейдегі семинарға  Торайғыров университетінің Комплаенс-қызметінің қызметкерлері Жанна Матенова мен Гаухар Ахметова қатысты. 

 

 

Семинарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Медет Амралинов өткізді.

Жобаның мақсаты -  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бей-жай қарамайтын азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес субъектілерін және квазимемлекеттік секторларды, сондай-ақ өзге де ұйымдарды  еріктілер ретінде тарту.
Жоба аясында сіз қоғамдық бақылау, Pro bono волонтерлік (кәсіби көмек көрсету), корпоративтік волонтерлік арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда барынша көмек көрсете аласыз.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, сондай-ақ оларды жою бойынша жұмыс жоспарлануда.

Жобаға қатысу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне жүгіну қажет.
Біздің мекен-жайымыз: Павлодар қ., Камзин к-сі, 37
Эл.пошта: dmdgs_pavlodar@mail.ru
Тел: 8-771-305-30-43