Торайғыров университетінің командасы Грекияның Афина қаласында өтіп жатқан түлектерді жұмысқа орналастыруды ілгерілету және жоғары оқу орындарының компаниялармен кооперациясын дамыту саласындағы тренингке қатысады.

 

Тренинг Эразмус+ "Орталық Азия түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау арқылы студенттердің инновациялық тәсілдері мен кәсіпкерлік дағдыларын ынталандыру – Trigger" жобасы аясында өтіп жатқанын атап өтеміз. Тренингке консорциум мүшелері – Словакия, Франция, Австрия, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның жоғары оқу орындары мен консалтингтік компаниялары қатысады.  

Шетелдік сарапшылар түлектерді жұмысқа орналастыруды қолдау саласындағы университеттердің мансап орталықтарының қызметін дамыту мәселелерін қарады, университеттің сыртқы және ішкі стейкхолдерлерімен жұмыста мақсаттарды, міндеттерді сәйкестендіру және өлшенетін және сапалы нәтижелерге қол жеткізу бойынша воркшоп өткізді және университет студенттері мен түлектерін мансаптық бағдарлау үшін қажетті ресурстарды қарастырды.  

Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі Петр Быковтың айтуынша, бұл жоба Торайғыров университетіне түлектерді жұмысқа орналастыру және университет стейкхолдерлеріне қосымша қызметтер көрсету саласындағы жоғары оқу орнының бизнес-процестерін жақсартуға мүмкіндік береді.