Торайғыров университетінде «Ғылым қоры» АҚ өкілдерімен және университет ғалымдарымен 2023-2025 жылдарға арналған ҒҒТҚН коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың шарттарын түсіндіру бойынша кездесу өтті.

 

-Тіпті ең керемет идеяны жүзеге асыру үшін бастапқы капитал қажет. Сондықтан ғылыми қауымдастық гранттық қаржыландыру арқылы ғылымға көмектесетіндердің барлығын бағалайды. Менің ойымша, көптеген адамдар үшін мұндай қаржылық қолдау жақсы көмек болар еді, - деп атап өтті Еркін Садықов.

Технологияларды коммерцияландыру департаментінің директоры Айғаным Ракишева және «Ғылым қоры» АҚ Технологияларды коммерцияландыру департаментінің менеджері Әнуар Керімбаев конкурс шарттарымен таныстырып, конкурстық құжаттаманың тұсаукесерін көрсетті және ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға өтінім дайындау бойынша ғалымдардың сұрақтарына жауап берді.

Конкурстың мақсаты экономиканың басым секторларына және ғылымды дамытудың басым бағыттарына сәйкес гранттық қаржыландыру тетіктері арқылы табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен қызметтерді нарыққа шығару мақсатында ғылыми-техникалық және зияткерлік қызмет нәтижелерін іс жүзінде қолдануға жәрдемдесу болып табылады.

Айта кетейік, қазір грант сомасы 350 млн теңгеге дейін ұлғайды. 

Өтінім беру мерзімі 2023 жылғы 1-30 маусым аралығында.