Coursera компаниясының бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальд «Coursera қазақ тілінде» жобасына қатысатын 25 өңірлік жоғары оқу орындарының ректорларымен, проректорларымен және студенттерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар өңірлердегі жоғары оқу орындарының академиялық әлеуетін арттыруға бағытталған пилоттық жобаны іске асырудың алғашқы нәтижелерін талқылады.
Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев, BMG Upskill компаниясының басшысы Рауан Кенжеханұлы, Coursera компаниясының өкілдері қатысты.
- Біз жоғары оқу орындары студенттерінің цифрлық экономикада өркендеуі үшін маңызды дағдыларын дамыту бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігімен күш біріктіруге қуаныштымыз», - деп атап өтті Coursera бас директоры Джефф Маджонкалд. «Бұл ынтымақтастықтың ерте табысы еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттерді дамытатын білім беру бағдарламалары мен қызметтеріне сұраныстың дәлелі болып табылады және үкіметтер мен жоғары білім беру жүйелері бүкіл студенттер контингентін Coursera көмегімен кәсіби дағдыларға қалай үйрете алатынының тиімді үлгісі ретінде қызмет етеді», - деп атап өтті Coursera компаниясының басшысы Джефф Маджонкальд.
- Бүгінде жаһандану және цифрландыру, әлемдік еңбек нарығында өсіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында біз ұлттық білім беру жүйесінің икемді моделін – ашық және бәсекеге қабілетті, үздіксіз оқыту мен кәсіби дағдыларды арттыруды қамтамасыз ететін модель құруымыз қажет. «Coursera қазақ тіліне» жобасы аясында біз әлемнің үздік профессорларының курстарын қазақ тіліне аудара бастадық. Бұл еліміздің болашағы, тілдің әлеуеті, сондай-ақ, білім беру сапасы мен қолжетімділігін арттыру тұрғысынан өте маңызды бастама, - деді министр Саясат Нұрбек.
Қазіргі уақытта 25 өңірлік оқу орнының студенттері барлығы 26 мыңнан астам курсты аяқтады. Оның ішінде 11 358 студент қазақ тілінде, 8 653 студент ағылшын тілінде, 6 096 студент орыс тілінде курстан өтті.