Торайғыров университетінде «Еркін елдің ұрпағы» тақырыбында патриоттық диктант өтті.

Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар 7-мамыр мерекесі мен Жеңіс күніне арналған жалпыұлттық патриоттық диктант жазды. 

 

ToU-дың бірінші және екінші курс студенттері де диктант жазуға қатысты. 

Ұлттық диктант бүкіл елде бір уақытта басталды. Республикалық патриоттық диктанттың тақырыбы - «Еркін елдің ұрпағы». Онда Қазақстанның басты құндылығы – Тәуелсіздік атап өтіледі, сондай-ақ елдің болашағы бірнеше тілді еркін меңгерген жастарға, білімді адамдарға байланысты екендігі айтылады. Сондай-ақ, мәтінде еліміздің киелі жерлері туралы айтылады.

Іс-шараның мақсаты - еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, жастардың бойында патриоттық рухты тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар мен мұраттарды сақтау.
Айта кетейік, диктант қазақ тілінде жазылды. Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмады. Мемлекеттік тіл тұғыры биік болсын!