Торайғыров университетінің делегациясы Ақтаудағы көшпелі кездесуге қатысты.

 

Есенов университетінде еліміздің көптеген жоғары оқу орындарының басшылары жиналды. 

Оның базасында Батыс Қазақстанның ең ірі ЖОО Yessonov Technopark кешені құрылысының аумағына уақыт капсуласын төсеу, қонақтарды Yessenov Jylyjay жылыжайымен, жасыл технологиялар орталығындағы жаңа тұщыландыру қондырғысымен таныстыру болды. Сонымен қатар, Ақтауда студенттердің жайлы өмір сүрулеріне көп көңіл бөлуге тырысады. ЖОО-да 1,5 мың орындық трибуналары бар стадион салынуда, жастарға арналған саябақ жабдықталып, 500 орындық жаңа жатақхана таныстырылды.

- Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің болашағы және оны қалай жақсартуға болатыны туралы біз "дөңгелек үстел" кезінде сөйлестік. Оған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. Көптеген қызықты идеялар мен ұсыныстар айтылды, оларды жүзеге асыруға болатынына сенімдімін, -деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Сондай-ақ Ақтау қаласындағы Достық үйінің базасында ToU қатысқан оқу орындарының көрмесі өтті. Кездесуде екі мыңнан астам оқушы болды.