Торайғыров университетінде Әлкей Хаканұлы Марғұланның «Олжабай батыр» кітабының тұсаукесері өткізілді.

Олжабай батыр ХVIII ғасырдағы қайсар қазақ жауынгері, қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Абылай ханның көмекшісі.

 

Қазақ халқы Олжабай батырды ірі дипломат ретінде таниды: ХVIII ғасырдың ортасындағы қазақ-қытай қатынастарына Олжабай батырдың қатысуы ерекше. 

«Олжабай батыр» кітабында академик Әлкей Хаканұлы өзінің батыр бабасы турасында оның ерлік істері, көрегендігі мен ақылдылығы, сұңғыла саясаткер ретінде көрсете келіп, жаңадан тың деректер қолданып, батыр Олжабай бейнесінде қазақтың барлық батырларының жарғақ құлақтары жастыққа тимей, елінің ертеңі мен болашағын, жер мен елдің бүтіндігін ойлаған батыл да айқын игі істерін көрсетеді. Кітап оқырман қауымға арналған, тілі жеңіл.

«Олжабай батыр» кітабының салтанатты тұсау кесерінде Әлкей Марғұланның қызы Данель Марғұланқызы, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Алтынбек Нұхұлы және т.б. қатысты.

«Біздің ЖОО-да Әлкей Марғұлан ең құрметті қазақстандық ғалымдардың бірі. Университетте 20 жылдан астам уақыт бойы оның есімімен аталатын археологиялық зерттеу орталығы жұмыс істейді. Мұнда Марғұланның ісі жалғасуда, археология ескерткіштеріне зерттеулер жүргізілуде. Ол қазақстандық ғылымның нағыз ғалымы болды және болып қала береді, оның мұрасын сақтап, көбейтуге міндеттіміз», – деп атап өтті Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов.