Торайғыров университетінде С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың  Maker Space шығармашылық зертханасы мен  «Америкалық бұрыш» өкілдерімен кездесу өтті.    

 

Айта кетсек, «Америкалық бұрыш» - Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық миссиясы арасындағы серіктестік бағдарлама. 
«Америкалық бұрыштың» үйлестірушісі Дана Убайдулла  бағдарламаның алты бағыты туралы айтты. Олардың ішінде ағылшын тілі курстары, Education USA Advising, АҚШ туралы ақпарат, Culture programs, Alumni Engagement және Soft-skills бар.
Еліміз бойынша осындай 10 бұрыш бар. Олардың мақсаты – АҚШ туралы ақпарат беру,  мәдениет және білім туралы ағартушылық жұмыс атқару. Сонымен қатар, волонтерлік қызмет. 
- Maker 2021 жылы ашылды. Бұл – жастар идеялары жүзеге асырылатын шығармашылық зертхана.  Осы жерде стартап жасау, STEM үшін барлық жағдай жасалған, - дейді Диас Муссабаев.
Үйлестірушілер өздерінің мерчі туралы ақпарат беретін KAHOOT Quez ойынын өткізді.