Торайғыров университетінде ЖОО студенттері мен түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Мамандарды іздеуде ToU-ға бірден 50 компания мен кәсіпорынның өкілдері келді.

Бос орындар жәрмеңкесі коворкингте өтті. Оны университет ректоры Еркін Садықов және Сауда және интеграция министрлігі жанындағы Техникалық реттеу және метрология комитетінің басшысы Қуаныш Елікбаев ашты. 
 

 

- Мұндай кездесулер университетке де, жұмыс берушілерге де қажет. Мұндай жәрмеңкелерде студенттер бүгінгі таңда еңбек нарығында қандай мамандар қажет екенін, лайықты жалақы алатын жұмыс табу үшін қандай құзыреттер қажет екенін біле алады. Осы жәрмеңкенің арқасында үміткерлердің кейбірі өзінің кәсіби қолданысын табады деп үміттенемін. Қалай болғанда да, болашақта әрқайсыңыз өз әлеуетіңіз бен идеяларыңызды жүзеге асыра алатындарыңызға сенімдімін, - деді Еркін Садықов студенттерге.

Қуаныш Елікбаев бос орындар жәрмеңкесіне қатысқанына қуанышты екенін атап өтті. Комитет басшысының айтуынша, барлық жердегі сияқты, техникалық реттеу және метрология жүйесінде де білікті мамандарға сұраныс бар. Бұл жағдайда жұмыс істеуге және одан әрі оқуға дайын адамдар қажет. 

Павлодар облысының 50 ірі кәсіпорындары мен компаниялары ToU жәрмеңкесінде өздерінің бос орындарын ұсынды. Үміткерлер ретінде кездесуге жоғары курс студенттері мен ЖОО түлектері қатысты.