Торайғыров университетінде әлеуметтік жұмыс бойынша мамандардың қолдаушы супервизиясы және "әлеуметтік жұмыстағы кейс-менеджмент" тақырыбында тренинг өтті.

 

Кездесу спикері Алматы және Алматы облысы бойынша кәсіби әлеуметтік қызметкерлер ұлттық альянсы филиалының директоры Жанар Әбдіқалықова болды. Ол оңалту процесінің кезеңдері, функционалдық қабілеттерін бағалау және т.б. туралы айтты.

Естеріңізге сала кетейік, жобаның мақсаты мүгедектігі бар адамдарды өмірдің барлық салаларына қосуға жәрдемдесу, олардың құқықтарын желілік өзара іс-қимыл және оқытуды стандарттау арқылы іске асыру, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін дамыту және Орталық Азия елдерінің әлеуметтік секторында мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарды нығайту болып табылады. Жалпы деңгейдегі оңалту тәсілі оңалту қызметтеріне қолжетімділік қиындаған тұрғылықты жері бойынша қоғамдастықтың оңалту қызметкерлері жүргізетін оңалту қызметтерін білдіреді.

Айта кетейік, кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы әлеуметтік қызметкерлердің білім сапасын арттыру үшін де жұмыс істейді. Осы мақсатта Альянс филиалы университеттің  базасында жұмыс істейді.