Торайғыров университетінде мұғалімдерге арналған "Алтын тұғыр" республикалық олимпиадасының өңірлік кезеңі өтті. 

 

Ұйымдастырушылар Павлодар облысының білім басқармасы, "Зерделі ақыл-ой дамыту мектебі" ЖШС және "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы болды. 

Олимпиаданың мақсаты - педагогикалық шеберлікті, кәсіби мәртебесін және бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

Олимпиадаға облыстың 144 педагогы қатысты, оның 8-і республикалық кезеңге аттанады.