ҚР еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Мәскеу қ. халықаралық шығармашылық академиясының академигі, «Барыс» және «Құрмет» ордендерінің кавалері, Торайғыров университетінің профессоры Шахимардан Әбілев «Абай» операсының бас партиясын орындады. 


 

«Абай» қойылымы – Қазақстанның опералық өнерінің үздік туындыларының бірі, сонымен қатар, қазақ ұлттық өпера өнері дамуының маңызды кезеңі. Ахмет Жұбанов және Латиф Хамиди Абай Құнанбаевтың мелодияларын өзгеріссіз қолданды. Мұхтар Әуезовтің либретто драматургиясын сақтай отырып, операны бірегей музыкамен әрледі.

Композиторлар реалистік өнердің жарқын туындысын дүниеге әкеле отырып, қазақтың классикалық операсын қалыптастырды. 

Еске сала кетсек, биыл Шахимардан Әбілев Қазақстан тарихында алғаш рет Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовке арналған моноопераны орындады.