Торайғыров университетінде "ХІV Торайғыров оқулары" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.


Диалог алаңының қатысушыларын университет ректоры Еркін Садықов қарсы алды. Ол Торайғыров оқулары 20 жыл бойы өткізіліп жатқанын еске салып, конференция үздік зерттеушілер мен ғалымдардың басын қосатынын айтты.
- Торайғыров оқулары – білімге құштарлық пен өзін-өзі жетілдірудің нағыз символы. Өткен конференциялардың барлығы студенттер мен жас ғалымдар арасындағы жаңа есімдерді ашты. Сондықтан, ата жолын жалғаған бүгінгі ұрпақ арасында жарқын және дарынды жастар көп деп сеніммен айта аламын, - деді Еркін Садықов.
Биыл шараға Ресей, Өзбекстан, Латвия, Үндістан, Нигерия елдерінің ғалымдары қатысты. Пленарлық отырысқа Қазақстанның танымал ғалымдары мен жас зерттеушілердің баяндамалары ұсынылды.
 Торайғыров оқуларының құрметті қонақтары арасында Өсімдіктер биотехнологиясы және биологиясы институтының директоры, Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі Қабыл Жармакин болды. Ол университеттің ғылыми қызметі мен оқу үрдісінің жоғары деңгейін атап өтті. Конференция шеңберінде Қабыл Жармакин 8 мектеп-лицейінің оқушыларына дәріс оқыды. 

Конференция студенттік филармония өнерпаздарының дәстүрлі концертімен аяқталды