Торайғыров университетінде  Республика күніне орай "Николай Мохиревтің объективіндегі индустриалды Павлодар" фотокөрмесі өтті.
 

Николай Мохирев фототілші және кинооператор бола жүріп Кеңес Одағын аралап шыққан. Оның жұмыстары республикалық басылымдарда шығарылды. 

Фотошебердің кадрларында 70-жылдардан кейінгі Павлодар қаласы көрініс тапқан. Мохирев өндірістік нысандар, қалалық мерекелер, еңбек және оқу ұжымдарын фотоға түсірген. Көрмеге фотографтың шығармашылығы мен өмірі туралы әңгіме өрбіткен телевидение ардагері Людмила Баюшева қатысты. 

Шараны Beisembayev Library қызметкерлері өткізді.