Торайғыров университетінде үндістандық профессор Дханкхар Кумар Сурендердің агротехнология кафедрасының студенттері мен қызметкерлеріне арналған семинары өтті. 
Кездесудің тақырыбы – «Харьяна штаты Хисар қаласы Аграрлық университеті көкөніс шаруашылығы кафедрасының зерттеу нәтижелері мен қызмет бағыттары». Пікірталас форматында өткен семинар барысында профессорлар агрономия бағыты бойынша оқу бағдарламаларын жүзеге асыру, Хисар университетінде магистранттар мен докторанттар үшін ғылыми-зерттеу тәжірибесін ұйымдастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
 

Селекциялық жұмыс нәтижелерін талқылау барысында Дханкхар Сурендер көкөніс өсімдіктерінің 70 жаңа сұрыбын ұсынды. Үндістандық сұрыптардың Павлодар облысына бейімдеу, сынақ жүргізу мүмкіндіктері талқыланды. 

Семинар қорытындысы бойынша суармалы жер шаруашылығы, топырақты-климатты жағдайда тұзданумен күресу және тыңайтқыштарды қолдану нормасын анықтау мәселелері қарастырылды.