Торайғыров университетінің  ректоры Еркін Садықов Болон процесінің бақылау тобы (BFUG) өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия жоғары оқу орындары ректорларының конференциясына қатысты. Конференция жұмысы Орталық Азиядағы білім беру саласындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту бойынша одан әрі қадамдар жасауға бағытталған. 
Болон процесі хатшылығының Вице-президенті Шур Берган өз сөзінде бүгінде білім беру жүйесін дамыту мәселелеріне бүкіл әлемде көңіл бөлінетінін атап өтті. Ол Қазақстанда бірнеше жылдан бері айтылып келе жатқан тезисті растады: жас ұрпақты оқыту мен кәсіби даярлау үшін барлық мемлекеттік және қоғамдық институттар жауапты болуы тиіс.
 

- Біз жоғары білімнің Орталық Азия кеңістігін студенттер мен жоғары оқу орындарының академиялық құрамы оқу, білім, тәжірибе алмасу, зерттеулерге қатысу үшін кедергісіз қозғала алатын еркін аймақ ретінде көреміз. Ағымдағы оқу жылында Қазақстан шетелдік азаматтарға арналған стипендиялық бағдарлама шеңберінде Орталық Азия білім кеңістігіне кірген елдердің азаматтарына 186 грант берді,-деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Конференция барысында қатысушылар КҚАО-ның даму перспективаларын талқылады және жоғары білім берудің Орталық Азия кеңістігі бюросын құру туралы бірлескен шешім қабылдады. ЦАПВО тұрақты органы ҚР ҰӘҚ Болон процесі мен академиялық ұтқырлық орталығында орналасатын болады.