2022 жылдың мамыр айында Торайғыров университетінің командасы  Эразмус+ жобасы шеңберінде «Орталық Азияда түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау арқылы студенттердің инновациялық тәсілдері мен кәсіпкерлік дағдыларын ынталандыру – TRIGGER» оқыту тренингіне қатысты. Торайғыров университеті осы жоба консорциумының мүшесі болып табылады, оған Орталық Азияның 11 университеті (Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан) және Еуропалық Одаққа мүше елдердің (Словакия, Франция, Австрия, Греция) 4 университеті кіреді.

 

Сапар қорытындысы бойынша 2022 жылдың 15-16 қыркүйегінде түлектердің мансабы мен жұмысқа орналасуы, өңір кәсіпорындарымен тұрақты байланыстарды қамтамасыз ету, кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру сияқты салаларда маманданған Торайғыров университеттің оқытушылары мен қызметкерлері үшін қарқынды тренинг ұйымдастырылды. 

Тренингтің мақсаты қызметкерлерді «Кәсіпкерлік құзыреттілік құрылымы» EntreComp деп аталатын  азаматтар мен ұйымдардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру құралын ұсынатын  бастамасымен таныстыру болды. EntreComp-ті Еуропалық комиссияның бірлескен зерттеу орталығы әзірледі. Ұйымдастырылған әлеуметтік қызмет шеңберінде жұмысқа орналасу дағдыларын дамыту, студенттердің тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру, тәлімгерлік бағдарламасымен және түлектерді сүйемелдеу жүйесімен танысу, жұмысқа орналасу бойынша қызметтер көрсету, тағылымдама үлгілері бойынша персоналды оқыту, түлектерді жұмысқа орналастыру саласындағы ТоU әлеуетін күшейтуге, университеттің өңір кәсіпорындарымен байланысын нығайтуға, сондай-ақ білім алушыларда кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыруға бағытталған.

Тренинг барысында қатысушылар түлектерді қолдау, олардың мансаптық өсуіне және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы еуропалық тәжірибені интерактивті түрде зерделеуге мүмкіндік алды.