Торайғыров университетінде Польшадағы Лодзин технологиялық университетінің профессоры  Александр Штыканың қатысуымен семинар өтті.

 

Семинарға жоғары оқу орнының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты. Ғылыми жобаларды коммерцияландыру семинардың басты тақырыбы болды. Жеке мүліктің зияткерлік құқықтары, бағалануы мен коммерцияландырылуы дәрістің негізгі тезистері болды.

Семинар ToU және Польша университетінің ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылды. Осы тектес шаралар жалғасын таба бермек.