Торайғыров университетінде Павлодар облысының әлеуметтік қызметкерлеріне арналған оффлайн-тренинг өтті. Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық Альянсы филиалының мұрындық болуымен өткен шараны Тәжікстаннан келген жаттықтырушы Умеда Мунавварова жүргізеді.
Тренинг мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту құрылымдарын біріктіру жобасының бір бөлігіне айналды. Қазақстаннан бөлек бұл жоба Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанда бастау алды, мақсаты – әлеуметтік қызметті кәсібилендіруге бағыт алу. Бағдарламаның үйлестірушісі Умеда Мунавварова қауым деңгейінде оңалту жүйесінің пайда болу тарихы мен Тәжікстанда енгізілуі туралы айтып берді.
- Бағдарламаны 2010 жылы палиомиелит өршіген сәтте бастадық. Мүгедектердің 70 пайызы көмекпен қамтылды. Нәтижесінде медициналық модельден әлеуметтік модельге көштік. Бұл тәсіл баршаға қолжетімді. Біз мүгедектігі бар адам тұратын отбасы мүшелерін оқытамыз. Бұл қалай жұмыс істейді? Біздің оңалту маманымыз отбасылық жаттықтырушыны оқытады, ал ол ата-аналарға білім береді. Осылайша, ата-ана автоматты түрде әлеуметтік қызметкер бола алады, - дейді жаттықтырушы.
Бағдарламаның басты қағидаты – пациенттерді аралау. Яғни, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға стационар жағдайында емес, үйінде көмек көрсету.
- Қазақстанда қоғам деңгейінде оңалту жүйесі табысты жүзеге асырылады деген сенімдеміз. Оқу аяқталған соң түрлі салалы мамандарды шығару жоспарланған. Сондықтан, біз жобаны іске асыру барысында әлеуметтік қызметкерлерге басымдық береміз.
Оңалтудың негізгі мақсаты – адамның қоршаған ортасын емес, өзін қалыпқа келтіру. Яғни, тапсырма ерекше қажеттіліктері бар адамның өмірін өзгертуден кеңірек.