Қазақстанның түкпір-түкпірінен жоғары білім беру жүйесінің өкілдерін жинаған төрт күндік интенсив өз жұмысын аяқтады. Әдістемелік семинардың 130-ға жуық қатысушысы Торайғыров университетінің алаңында басталған ынтымақтастықты жалғастыруға уәде берді.
Семинардың алдыңғы үш күнінің бағдарламасына "дөңгелек үстел", бірнеше тәжірибеге бағытталған және интерактивті сессия енгізілді. Олардың барлығы инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу дағдыларына үйретуге бағытталған. Соңғы күні диалог алаңының қатысушылары командалық формада қалыптастырылған жобаларын таныстырды. Әр топқа шартты университетті, оның стратегиясы мен миссиясын, сондай-ақ осы университетте оқу нәтижелерін ұсыну қажет болды. "BTS-Education" компаниясының сарапшысы Марина Скиба білім беру бағдарламасының қандай болу керектігі білім беру нәтижесіне байланысты екенін атап өтті.
- Шетте қалмағаныңыз және біздің іскерлік ойынымызда белсенді болғаныңыз үшін рахмет, - деді ол семинардың жабылу кезінде. - Мүмкін, семинар барысында Сіз әзірлеген бағдарламалар уақыт өте келе университеттің стратегиясы мен оның аймағының ерекшеліктеріне сүйене отырып, Сіздің университеттеріңіздегі нақты бағдарламаларға қайта туылар. Ең бастысы, біз инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу дағдыларын үйрендік. Біздің бұдан арғы ынтымақтастығымыз міндетті түрде жалғасатын болады.
Қабылдаушы тарапынан ToU ректоры Еркін Садықов сөз сөйледі. Ол семинарға өз қызметкерлерін жіберген барлық жоғары оқу орындарының басшыларына алғысын білдірді.
-Бүгінде білім беру, экономика және ғылыми- техникалық даму салаларында сын-қатерлер көп, сондықтан университеттер жас ұрпақтың жоғары білім алуға деген сұранысының деңгейіне сәйкес болуы тиіс, - деп атап өтті Еркін Садықов. - Әрбір жоғары оқу орны өз өңірінің проблемаларына жауап беру қажет. Біз жастармен байланыстамыз және оған білім беруге мүмкіндігіміз бар. Біз алдағы уақытта да бір-біріміздің тәжірибемізбен алмасуымыз керек деп ойлаймын. Сонда университеттердегі білім беру бағдарламаларының портфелін жаңарту туралы айтуға болады.
Семинардың қатысушылары ұйымдастырушыларға бірге өткізген төрт күн үшін алғыстарын білдірді. Олар білім беру бағдарламаларын әзірлеуге кірісудің пайдасын атап өтіп, осы бағыттағы тәсілдер түбегейлі өзгергенін мойындады. Сонымен қатар жоғары оқу орындарының өкілдері жоғары білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.