Торайғыров университетінде ашық әдістемелік семинардың үшінші күні аяқталды. Қатысушылар интерактивті сессияларда жұмыс істеді. 

 

BTS Education компаниясының жобалық менеджері Олжас Мамырбаев пікірталас сессиясының басында жаңа мамандықтар атласының оқу бағдарламасына әсерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Қатысушы Торайғыров университетінің табысты тәжірибесімен бөлісті. 
Кейін қатысушылар топтық жұмыстарға кірісті. Оларға өткен күндердегі сессияларда жасалған әзірлемелерді қолдана отырып, оқу бағдарламасын қалыптастыру тапсырмасы берілді. Әр топ өз жоғары оқу орнының сипаттамасын жасап, оның миссиясы мен құндылықтарын анықтады. Сонымен қатар, осы критерийлердің оқу нәтижелеріне әсерін болжады. Сессияға қатысушылар мамандандырылған және көпсалалы университеттерге арналған бағдарлама әзірледі. Бұл техникалық, педагогикалық ЖОО, сондай-ақ, планетааралық зерттеу ЖОО. Оқу орындарында командалық жұмыс, галактикааралық толеранттылық пен коммуникативтілік, орта мәселелерін шешу, экожүйенің тепе-теңдігінің бұзылуының алдын алу және анықтау ортақ жұмыстың нәтижесіне айналмақ. 

Жұмыс күні концертпен аяқталды.  Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қонақтарға арналған концертті ToU студенттік филармониясы ұйымдастырды. Университет сахнасында   И.Байзақов атындағы облыстық филармонияның Р.Омаров атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті.