Торайғыров университетінде "Нанотехнология" курсы бойынша дәрістер басталды.

 

Сабақты PhD докторы, Лодзь технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры Александр Штык жүргізеді. Шетелдік ЖОО-мен ынтымақтастық шеңберінде университеттің студенттері, магистранттары, жас ғалымдары мен профессорлық-оқытушылық құрамы үшін ашық дәрістер, семинарлар өткізу жоспарланған.

9-16 қыркүйек аралығында барлық ниет білдірушілер үшін "Нанотехнология" курсы бойынша дәрістер өтеді. Бұдан басқа, ПОҚ-мен жұмыс кездесулері, конкурстарға бірлескен өтінімдер жазу, бірлескен ғылыми жарияланымдар, модульдік білім беру бағдарламасын дайындау және т.б. жоспарланған.