Салтанатты ашылу шарасына ұлттық альянстың атқарушы директорының орынбасары, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтану кафедрасының оқытушысы Аягөз Әубәкірова және ToU әлеуметтік жұмыстың негізін қалаушы, Foundation факультетінің деканы Сәуле Ксембаева қатысты. 

 


- Біз әлеуметтік қызметкерлерді, ерекше қажеттіліктері бар отбасылардың отбасы мүшелері мен ата-аналарды оқытамыз. Қазақстанның және Тәжікстанның сертификатталған жаттықтырушыларының қатысуымен бірқатар тренинг жоспарланған. Алғашқы семинар Торайғыров университетінде өтіп жатыр. Осы айдың басында психология және педагогика кафедрасының базасында Павлодар облысы бойынша кәсіби әлеуметтік қызметкерлер альянсының алғашқы филиалы тіркелді. Қазіргі уақытта альянстың 11 филиалы тіркелді. Бүгінгі күні филиалдың кабинетін салтанатты түрде ашамыз, - дейді филиал басшысы, PhD докторы  Самал Антикеева. 

Университетте «Өз-өзіңмен кездесу» ішкі үйлесім студиясы ашылды. Бұл Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалалары әйелдеріне экономикалық әлеуетті арттыру мен облыстың экономикасын күшейту мақсатын көздейтін Academy of Women Entrepreneurs» жобасы аясында жүзеге асырылды. Студияны таныстыруға жобаның бастамашысы Самал Антикеева мен Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Әмірғали Бегімтаев қатысты. 

Еске сала кетсек, жобаны жүзеге асыру үшін 2000 доллар көлемінде грант бөлінген.