Торайғыров университеті 2022-2026 жылдарға арналған  республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат концепциясы шеңберінде кешенді жұмыс атқаруда. Құжат негізіндегі басты шаралардың бірі  - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандартын енгізу. 

Торайғыров университетінің жұмыс тобы ISO 37001 стандартын енгізу бойынша университет басшылығы, студенттік актив, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару академиясы өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізді.  


Кездесу барысында аймақтағы Мемлекеттік басқару академиясының директоры Гүлнар Исенова университетте  ISO 37001:201 халықаралық талаптарына сәйкестік бойынша жүргізілген аудит қорытындыларын таныстырды. 

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басқармасы басшысының орынбасары Серік Мүслімов университет халықаралық стандартты енгізуге кіріскен өңірдегі алғашқы квазимемлекеттік нысан екенін айтты. 

Отырыс шеңберінде стандартты енгізудің жоспары туралы айтылып, жұмыс кестесі бекітілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру бойынша қызу талқылау да өтті.