Торайғыров университетінің студенттері мен оқытушылары Құрбан айт мейрамын атап өтті.

 

Қазақстан Тәуелсіз ел болғалы Құрбан айт  қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайтатын және ұлттарды біріктіретін нағыз халықтық мерекеге айналды. Торайғыров университетінде жастардың рухани тәрбиесіне баса мән беріліп келеді. Сондықтан, осы күн назардан тыс емес. Айттың бірінші күні ЖОО-ның кіреберісінде мерекелік дастархан жайылды. Университет ұжымы жерлестерімізге жақсылық, тоқшылық пен ашық аспан тілейді! Айт қабыл болсын!