«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік  қоғамы мен Павлодар облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментінің бірлескен жоспары шеңберінде жоғары оқу орнында «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұргүл Қайырденовамен кездесу өтті. Мақсат – бос гранттарды тағайындау ережелерін көрсету. 

 

 

Кездесу барысында Торайғыров университетінің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Петр Быков бос гранттарды үлестіру бойынша цифрлық бағдарлама туралы айтып берді. Бағдарлама адами факторды болдырмайды және қателіктерге жол бермейді. 

-  Басты ерекшелік – бос грант белгілі бір мамандық бойынша босайды. Ол білім берудің үш классификаторы бойынша үлестіріледі: білім беру саласы, бағыты және білім беру бағдарламалары тобы. Гранттың өзі бір курстың студенттері арасында үлестіріледі. Екінші курс студентінің гранты екінші курстың студентіне беріледі. 

Қазіргі уақытта ЖОО-да 44 бос грант бар. 120 адам өтініш берді. Оны беру барысында GPA балл ескеріледі. Егер бірдей балл болса, A+  және A бағаларының саны қаралады. 

Нұргүл Қайырденова университет әзірлеген бағдарламаның ашықтығын атап өтті. Бұл жүйеде адами фактор тіркелмейді және қателіктер болмайды.