Торайғыров университетінің Тұлғалық даму және оқу кафедрасының аға оқытушысы Самал Антикеева «Әйелдер кәсіпкерлігінің академиясы» жобасы шеңберінде бизнес-жоспарлар питчингінде грантқа ие болып, үшінші орын тұғырынан көрінді. Жоба Қазақстандағы АҚШ елшілігі тарапынан қолдау тапқан. 

 

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау гранттарын «Academy of Women Entrepreneurs» ұсынды. Жобаның басты мақсаты – әйелдерге бизнесті жүргізудің негіздері туралы кешенді және жүйелі ақпарат беру, бизнес-дағдыларды жетілдіру, бизнестегі стратегия бойынша түсінік қалыптастыру. 
Жоба бойынша АҚШ сарапшылары, экономиканың түрлі секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер тәлімгерлік етті. Олар тәжірибелерімен бөлісіп, бизнес-идеялар бойынша қолдау көрсетуге дайын. Самал Антикеева да қолдау табатыны сөзсіз. Ол «Өз-өзіңмен кездесу» атты ішкі гармония студиясын ашу бойынша бизнес-жобасын әзірледі.