Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен болдырмауда университеттің әлеуетін пайдаланатын болады.
Tou мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік департамент өкілдері Antikor Ortalygy алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі өзара іс-қимылды талқылады. Торайғыров университетінің комплаенс-қызметінің басшысы Жанна Матенова атап өткендей, ЖОО-да адалдық стандарттарын іске асыру және ToU студенттері мен қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру маңызды болып табылады.
- Біздің қызмет осы жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істейді және ұсыныстар мен ескертулерге әрдайым ашық. Біз халықпен кері байланыс орнату үшін өз колл-орталығымызды іске қостық. Комплаенс-қызметтің барлық байланыстарын Торайғыров университетінің сайтынан табуға болады, - деп атап өтті Жанна Матенова.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Ернар Баянғазин кездесу барысында ЖОО базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу орталығын құру туралы идеясын айтты. Осылайша, сыбайлас жемқорлықпен күресушілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, сондай-ақ өңір тұрғындарының әлеуметтік проблемаларын шешу мәселелерінде ғылыми қоғамдастықтың әлеуетін пайдаланатын болады.
Диалог алаңында ToU және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік департамент өкілдері алдағы екі жылға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды. Оның мақсаты-білім беру мекемелерінің ресурстарын сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамау идеясының айналасына интеграциялау, елдің барлық жоғары оқу орындарында дәйекті түрде қолданылатын табысты әдістемелер мен қосымша тетіктерді тарату.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығы атынан Департамент базасында диплом алдындағы практикадан табысты өткен университет студенттері марапатталды. Алғыс хаттар Наталья Чабанға, Нұрлыбек Құсайынға, Бауыржан Қайырбекке және Олжас Қайыниденовке табыс етілді.