Сomputer Science кафедрасының студенттері  қылмыстық-атқару жүйесіне өндірістік тәжірибеге жіберілді.



-Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Торайғыров университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Жыл сайын бізге студенттер тәжірибеден өту үшін жіберіледі. Жас ұрпақ -- біздің жұмысымызға деген жаңа көзқарас. Әрине, біз жеке құрам қатарынан бізде тәжірибеден өткен адамдарды көргенімізге қуаныштымыз, бірақ бұл сабақтың басты мақсаты емес. Ең бастысы, жастар өкілдері өз елінің патриоты болып, бейбіт аспанды бағалай білуі керек, – деп атап өтті ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары Дәулет Ысқақов.

- Мен өзім үшін көп нәрсе білдім, әсіресе тергеу изоляторына баруға қызығушылық таныттым. Мен әрқашан бейнебақылау қалай жасалып, қалай жүргізілетіні, қандай серверлер қолданылатыны туралы ойлайтынмын. Офицерлер біздің барлық сұрақтарымызға жауап берді. Осы күндері мен өз білімімді толықтырдым, - дейді үшінші курс студенті Аружан Сәрсембаева.

Практикалық сабақтардан басқа студенттерге университетті бітіргеннен кейін қылмыстық-атқару жүйесіне жұмысқа орналасу ұсынылды.