Торайғыров университетінде «Мәшһүр Жүсіптің тарихи мұрасы мен қоғамның рухани дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

Конференция қатысушылары алдында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов сөз алды. 
Мәшһүр Жүсіптің қазақстандық қоғамға берген мұрасы туралы ойларымен Моңғолия және Түркия елдерінің қатысушылары бөлісті.  
Мәшһүр Жүсіптің шөбересі, Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарихи материалдарды зерттеу республикалық ақпараттық орталығының директоры  Меруерт Әбусейітова қазақ этнографы мен ойшыл тарихты шежіре арқылы жеткізді.
-  Мәшһүр Жүсіптің жазба дәстүрі бірегей әрі өзге ауызша тарих жинаушыларына  ұқсамайды. Ол «дала тарихы» бағытының негізін қалаушы, - дейді тарих ғылымдарының докторы.  
ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы дінтану, саясаттану және философия институтының бас ғылыми қызметкері Аяжан Сағиқызының айтуынша, Мәшһүр Жүсіптің мұрасы рухани болашаққа бағыттайды. 
- Ойшылдың мұрасы әр адам өз халқын, дәстүрін, ұрпақтарын құрметтеп, сүйіп өмір сүру керек дейді. Бұл өмірлік қағидаттар адам тұрмысының мағынасын анықтауға көмектеседі. Бірақ, Мәшһүр Жүсіптің негізгі идеясы болашаққа апарар жол туған жер, адамдарға деген сүйіспеншілік арқылы жетеді деген пікірге саяды, - дейді философия ғылымдарының докторы. 
Қр БжҒМ Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Кабульдинов Мәшһүр Жүсіп жинаған тарихи материалдар тұрғысында пікірін білдірді. Тарихи дереккөздер 18-19 ғасырлардың басындағы кезеңдерге қатысты. 
Жиналған қауым алдында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жетекші сарапшылары, Шәкәрім атындағы университеттің өкілдері сөз алды. 
Павлодар облысында Мәшһүр Жүсіптің мәдени-тарихи мұрасын сақтау бойынша кешенді зерттеу жұмыстары қолға алынған. Оның есімі орталық мешітке берілген. 2006 жылы ескі мазардың орнына үлкен кешен салынды. Бүгінде қасиетті жерге жүздеген адам келіп, құран бағыштайды.  
ЖОО-да 2004 жылдан беру ғылыми-тәжірибелік орталық жұмыс істейді. "Мәшһүртану» пәні енгізілген. М. Ж. Көпеевтің шығармалары мен энциклопедияларының 20 томдығы жарық көрді. Балаларға арналған иллюстрациялық әңгімелер жинағы да оқырманға жол тартты. Қазіргі уақытта орыс тіліндегі үш томдық әзірленіп жатыр, оның құрамында бұған дейін жария болмаған шығармалар мен жұмыстар енгізілмек. 
М. Ж. Көпеевтің мұрасын зертеушілер қатары артып келеді. Қазақстанның ғана емес, Америка, Жапонияда тұратын ғалымдар да қызығушылық танытқан. 
Конференция шеңберінде Павлодар облысы суретшілерінің көрмесі өтті. Шеберлердің 30-ға жуық шығармасы ұсынылды.