Форсайт-сессия Торайғыров университетінде. Студенттер Павлодар өңіріндегі креативті экономикадағы салалық емес құзыреттіліктерді қарастырды. 

Foresight – «болашаққа көзқарас, алдын ала ойлау» - болашақты қалыптастыру және жоспарлауға мүмкіндік береді. 

 

Спикер ретінде жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер департаментінің әдіскері Ескендір Сұлтанов пен  "Ертіс" инновациялық технологиялық паркінің инженер сарапшысы Қуаныш Досмағұлов  қатысты.

Студенттер ұзақмерзімді жоспарлау мен болашақ образын құру бойынша тәжірибелік дағдыға ие болды. 

Қатысушылар үш командаға бөлініп, үш сала бойынша құзыреттіліктерді анықтады: дәстүрлі бизнес, фриланс және өнеркәсіп. 

Нәтижесінде негізгі үш саладағы компетенциялық қалыптастырылды: үнемшіл өндіріс, эмоционалды интеллект, цифрлық өнімдерді құру. 

Сессия нәтижесінде қатысушылар бизнеске арналған жаңа компетенцияларды анықтады. Ақпаратпен жұмыс істеудің жаңа оқу құралдары, әдістері, ойлау әдістері мен когнитивтік дағдыларды  енгізу кәсіби дайындыққа әсер ету керек. 

Еске сала кетсек, оқу орнында форсайт-сессиялардың сериясы өтеді. Оған білім беру саласында болашақ студент образын қалыптастыру, жаңа мүмкіндіктерді ашу кіреді.