Торайғыров университетінің студенті робототехника, электроника және телекоммуникациялар мамандықтары бойынша өткен республикалық олимпиадада жеңіске жетті.

 

Зияткерлік жарысқа Қазақстанның 9 жоғары оқу орнының 23 студенті қатысты.

Электроника және автоматтандыру кафедрасының үшінші курс студенті Роман Хоруженко жеке есепте екінші орынды жеңіп алды.

Олимпиада жеке форматта өтті,  жастар"Электр байланысының теориясы", "Электр шынжырларының теориясы" және "Цифрлық схемотехника" пәндері бойынша білімдерін ортаға салды.